Мешхед қаласында «Қасиетті қорғаныс» апталығына орай ең үлкен көрме ашылды
(last modified Wed, 25 Sep 2019 12:34:36 GMT )
Қыр 25, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Мешхед қаласында «Қасиетті қорғаныс» апталығына орай ең үлкен көрме ашылды

Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Мешхед қаласының «Меллат» саябағында Ирактың Саддам режимінің Иранға таңған 8 жылдық соғысының қару-жабдықтарымен таныстыру мақсатында «Қарсыласу таңы» деген көрме ашылды.

Орташа қашықтықтағы зымырандық жүйелерді анықтайтын радарлар, «Шаламче» мен «Зелзал-3» зымырандары, SkyGad артиллериялық радар жүйесі, зымыран ататын құрал мен қараңғыда көруге қабілетті дүрбілер көрмеде көрсетілді. «Қарсыласу таңы» атты ең үлкен көрме Мешхед қаласының «Меллат» саябағында 22-29 қыркүйекте өтеді.