Ислам революциясының жетекшісі Иранның заң шығару жүйесінің жалпы саясатын жариялады
(last modified Sun, 29 Sep 2019 08:56:03 GMT )
Қыр 29, 2019 14:56 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Иранның заң шығару жүйесінің жалпы саясатын жариялады

Ислам революциясының жетекшісі Конституцияның 110 бабының бірінші тармағына сәйкес заң шығару жүйесінің жалпы саясатын жариялап, соған қатысты тақырыптардың маңыздылығына тоқталып: «Саясат биліктің үш органына жарияланады. Бұл үш орган шараларды орындау кестесін жасап, атқарылған істер жайлы есеп беруі керек» деді.

Ислам революциясының жетекшісі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, елде жоспарлар пен заң жобаларын дайындап, бекіту, заңдар мен ережелерді ИИР Конституциясы мен шариғат заңдарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау және түзетуде заң шығарудың басты негізі ретіндегі шариғат заңдарына көңіл бөлу заң шығару жүйесінің жалпы саясаттарының бір бөлігі саналады.

Қарулы күштер туралы осы күштердің бас қолбасшылығының ережелерін сақтап, шараларын орындау, заң шығару және заң жазу принциптерін сақтап, заң жобаларын сәйкестендіру механизмін айқындау Ислам революциясының жетекшісі жариялаған заң шығару жүйесінің жалпы саясаттарының бірі болды.

 

Тегтер