Егер 33 күндік соғыс тоқтатылмағанда, Израиль армиясы күйрейтін еді
(last modified Wed, 02 Oct 2019 09:46:34 GMT )
Қаз 02, 2019 15:46 Asia/Almaty
  • Егер 33 күндік соғыс тоқтатылмағанда, Израиль армиясы күйрейтін еді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Солеймани Ливан қарсыласу қозғалысының сионистік режиммен 33 күндік соғысының жай-жапсарына тоқталып: «Егер 33 күндік соғыс тоқтатылмағанда, Израиль армиясы күйрейтін еді»,- деді.

Генерал-майор Қасем Солеймани аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтап, тарататын кеңсеге берген сұхбатында 33 күндік соғыстың себептеріне қатысты сөзінде АҚШ-тың Ирактағы әскери орналасуы мен аймақта тудырған үрейін, араб елдерінің дайындығы мен олардың сионистік режиммен жасырын ынтымақтастықтары және Израиль режимінің бұл мұрсатты Хизболланы құрту үшін пайдалануын аталмыш соғыстың басталуының жасырын үш мақсаты деп атады. Солеймани сондай-ақ Иранның жоғары басшыларының Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің қатысуымен сионистік режимнің Ливанға жасаған шабуылынан бір аптадан кейінгі отырысына тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі бұл отырыстың соңында, мәлімдемемді тыңдаған соң: «Менің ойымша, бұл соғыстың жеңісі Хандақ соғысының жеңісіндей болады» деген еді»,- деді.

 

 

 

Тегтер