Мешһедте Моулавидің мәснәуиінің ең көне нұсқасы көрсетілді
https://itolqyn.com/news/iran-i43679
Моулана Джалаладдин Мұхаммад Балхиды еске алу күнінмен тұспа-тұс Мешһедтегі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің Құдс орталығының Құраны мұражайында Моулавидің Мәснәуиінің ең көне нұсқасы көрсетілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 02, 2019 20:12 Asia/Almaty
  • Мешһедте Моулавидің мәснәуиінің ең көне нұсқасы көрсетілді

Моулана Джалаладдин Мұхаммад Балхиды еске алу күнінмен тұспа-тұс Мешһедтегі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің Құдс орталығының Құраны мұражайында Моулавидің Мәснәуиінің ең көне нұсқасы көрсетілді.

Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Моулавидің Мәснәуиінің 600 жылдық бұл нұсқасы –  Моулана Джалаладдин Мұхаммад Балхи еңбегінің 267 нұсқасының бірі. Ол имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің Құдс орталығының Құран мұражайында сақталып тұр. Моулавидің мәснәуи шығармасы – мистикалық және Құран аяттарына сүйенген әлемнің ең маңызды әдеби еңбектерінің бірі.

«Моулави» деп танымал болған Моулана Джалаладдин Мұхаммад Балхи – хиджри қамаридің 604 жылы (1207 ж.) Балхта дүниеге келген мәшһүр ақын.