Моулави Ригиге террор жасағандар бір араб елімен байланыста болған
(last modified Thu, 15 Dec 2022 12:14:04 GMT )
Жел 15, 2022 18:14 Asia/Almaty
  • Моулави Ригиге террор жасағандар бір араб елімен байланыста болған

Иранның Систан мен Белуджистан облысының барлау басқармасы Моулави Абдулвахид Ригиге террор жасағандардың бір араб елімен байланыста болғанын хабарлады.

Хаш ауданындағы имам Хұсейн (ғ.) мешітінің жамағат имамы Моулави Абдулвахид Риги өткен бейсенбі күні белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, шәһид болды. Ол Систан мен Белуджистан облысының көрнекті молдаларының бірі еді. Ол халықты бітім, бірлік пен тыныштыққа шақыруда әсерлі рөл ойнаған.

Иранның Систан мен Белуджистан облысының барлау басқармасы өз мәлімдемесінде: "Иранның қауіпсіздік және тәртіп күштері тарапынан ұсталған терроршылар бастапқы тергеуде Моулави Абдулвахид Ригиді ұрлағандарын, қамап ұстап, сосын өлтіргендерін мойындады",-деп хабарлады.