«Мейілінше қысым» жасау саясаты сәтсіздікке ұшырады
(last modified Wed, 02 Oct 2019 14:24:13 GMT )
Қаз 02, 2019 20:24 Asia/Almaty
  • «Мейілінше қысым» жасау саясаты сәтсіздікке ұшырады

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың «мейілінше қысым» жасау саясатының сәтсіздікке ұшырағанын, Иранның билеп-төстеуші жүйеге бағынбағанына тоқталып, Иранның шынайы әрі қатаң түрде ядролық келісімдегі міндеттемелерін азайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусының мыңдаған қолбасшысымен кездесуінде америкалықтардың Иранды сәтсіздікке ұшырады деп көрсету талпынысының нәтижеге жетпегеніне тоқталып: "Олар ИИР Президентін кездесуге келістіру үшін тіпті өтініш жасап, еуропалықтар көмек сұрауға дейін барды. Бірақ нәтижеге жетпеді. Олардың «мейілінше қысым жасау» деген саясаты сәтсіздікке ұшырады. Мен бұл «мейілінше қысымдарының» соңына дейін нәтижеге жетпейтінін қуаттаймын",- деді.  Аятолла Хаменеи ядролық тақырыпқа тоқталып: "Иран Атом қуаты ұйымының мойнындағы ядролық міндеттемелерді азайту жұмыстары Үкімет жариялағандай шынайы, қатаң әрі нақты түрде жалғасуы керек. Сонда ғана бұл жұмыстар нәтижеге жетеді",- деді. Аятолла Хаменеи дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы шығындарын атап: "Олар көптеген үлкен қаржымен ДАИШ лаңкестік тобын құрып, оны қару, қаржы және үгіт-насихатпен қамтамасыз етті. Енді Сирия, Ирак және Иран жастарының ерлігімен ДАИШ жойылған кезде «ДАИШ-ты біз жойдық» деп өтірік айтады",- деді.