Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуды жалғастырады
https://itolqyn.com/news/iran-i43725-Иран_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасындағы_міндеттемелерін_азайтуды_жалғастырады
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Камалванди АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаны мен еуропалықтардың уәделерін орындамағанын мәлімдеп, Иранның осы бағдарламадағы міндеттемелерін азайтуды жалғастыратынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 06, 2019 13:31 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуды жалғастырады

Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Камалванди АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаны мен еуропалықтардың уәделерін орындамағанын мәлімдеп, Иранның осы бағдарламадағы міндеттемелерін азайтуды жалғастыратынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Бехруз Камалванди Теһранда ядролық құқықтарды үйрету курсының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерінің бір бөлігін азайтуға шешім қабылдауы АҚШ-тың осы ядролық келісімнен шығуы мен еуропалықтардың уәде бұзуына жауап ретінде және құқықтар мен міндеттемелер арасында теңдік қалыптастыру мақсатында орын алды.

Егер еуропалықтар Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қайтадан толық орындауын қаласа, алдымен өз міндеттемелерін орындауы керек»,-деді.