Францияның 55 турист мотоциклисі Иранға келді
https://itolqyn.com/news/iran-i43729
Францияның 55 мотоциклистен тұратын бір туристік тобы Базарган шекаралық бекеті арқылы Иранға кірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2019 15:17 Asia/Almaty
  • Францияның 55 турист мотоциклисі Иранға келді

Францияның 55 мотоциклистен тұратын бір туристік тобы Базарган шекаралық бекеті арқылы Иранға кірді.

Иранның солтүстік-батысындағы Маку еркін аймағының туризмді дамыту бөлімінің басшысы Мехди Абдуллазаде сенбі IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл топ Макуде бір күн қонып, осы аймақтың тарихи ғимараттарын аралаған соң Урумие, Саққез, Һамадан, Арак, Исфаһан, Ясудж пен Шираз қалаларына қарай жолын жалғастырады.

Туристер 10 күн Иранда болып, содан соң Базарган шекаралық бекеті арқылы елден шығады»,-деді.