Әли Аскяри: Иран – аймақтағы алпауыт ел
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы АҚШ құдіретінің құлдырап жатқанын айтып, Иранды аймақтық ірі алпауыт ел деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдуләли Әли Аскяри жексенбі күні Теһранда Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімінде медиа саласындағы шәһидтерді еске алып: "Еуропалықтар – америкалықтардың қолшоқпарлары. Олар АҚШ-тың барлық сұрқия саясаттарына бағынады",-деді.
Әли Аскяри Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшылары мен тілшілеріне: "Шындықтар мен зұлымдықтарды, дұшпандардың ақпараттық шабуылдарын, қарсыласу қозғалысының ерліктері мен ИИР-ның күш-қуатын әлем халықтарына жеткізулеріңіз керек",-деп қуаттады.