Иран әлемдік қызмет торабының ақпарат құралдары теңсіз соғысқа тартылып отыр
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Салами Иранның әлемдік қызмет торабының ақпарат құралдары теңсіз соғысқа енгенін айтып, жеңісті кесімді ақиқат деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Хосейн Салами жексенбі күні Теһранда Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімінде: "Соғыс алаңындағы позициялар географиялық шекаралардан ой-сана мен жүректер кеңістігіне ойысты. Сондықтан саналарға жетекшілік ете алатын кез келген адам бұл күресте сәттірек болмақ",-деді.
Генерал-майор Салами дұшпандардың келешек әлемді қалыптастыруды көздеп жатқанын айтып: "Дұшпандар адам құқығы, азаттық, соғыс, заңды қорғанысты сионистердің қылмыстары заңды қорғаныс саналып, Йемен мен Палестина балаларының қазасы соғысқұмарлық болып сипатталатындай көрсетуге талпынып жатыр",-деді.
Генерал-майор Салами Иран әлемдік қызмет торабының ақиқатты баяндайтындықтан жеңімпаз болатынын айтып: "Ірі алпауыттар жалған негізге сүйенгендіктен құлдырап, кері шегініп, алаңды тастап шығып барады",-деді.