Мұнай экономикасы мен оның мәдени салдарларынан өту керек
Ислам революциясының жетекшісі кеше сейсенбі күні имам Хомейни атындағы хосейниеде Иранда жасалған үздік технологиялар мен іргелі ғылымға негізделген компаниялар көрмесін аралып, мұнай экономикасы мен оның мәдени салдарларынан өту керектігін баса айтты.
Діни жетекші баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи білімге негізделген компаниялардың 30 стендін аралып, технологтар және зерттушілермен сөйлесіп, ирандық жас мамандардың соңғы ғылыми-технологиялық және зерттеу жетістіктері жөніндегі мәліметтерді тыңдады.
Ислам революциясының жетекшісі мұнай экономикасы мен оның мәдени салдарларынан өту қажеттілігін қуаттап: «Бүгінгі көрмеде жастар айтқан шағымдарының бірі үкіметтік органдардың елде шығарылатын кейбір өнімдерді сырттан енгізетіні жөнінде болды. Бұл мұнай экономикасының салдарларының бірі, сондықтан бұл қате көзқарас өзгеруі керек»,- деді. Аятолла Хаменеи Иран Президентінің ғылым мен технология істері жөніндегі орынбасарына: «Бұл мәселе белсенді жастардың қадамына кедергі болмауы кеерк. Бұл салада мүмкіндік болғанша талпыныс жасаңыз, мен де мүмкіндігіме қарай көмектесемін»,- деп қосты. Ислам революциясының жетекшісі зерттеушілер, мамандар және көрме ұйымдастырушыларына алғысын айтты. Көрмеде Иран Президентінің ғылым мен технология істері жөніндегі орынбасары Сорна Саттари бұл органның мұнай экономикасынан білімге негізделген экономикаға өтуге қажет бағдарламаларымен таныстырды.