Зариф: АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттері – соғыс әрекеттері
(last modified Wed, 09 Oct 2019 12:24:06 GMT )
Қаз 09, 2019 18:24 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттері – соғыс әрекеттері

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттерін соғыс әрекеттері деп атап: "АҚШ Иранға қарсы экономикалық соғысында қарапайым азаматтарды нысанаға алып отыр",- деді.

Мохаммад Джавад Зариф бүгін Теһранда "Әлемдік экономика және санкциялар" атты халықаралық конференцияда: «"Қаржы» және «экономикалық соғыс құралдары» немесе «экономика» мен «долларды» соғыс факторларына айналдыру халықаралық байланыста жиі кездесетін терминдерге айналды. АҚШ қаржы құралдарын Иран, Қытай, Ресей, Куба және Венесуэла сынды тәуелсіз елдерге қысым көрсету үшін пайдалануда",- деді. Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының "егер Иран халқы тамақ жегісі келсе, АҚШ-тың саясаттарына бағынуы керек" деген сөзіне тоқталып, оны лаңкестік және әскери қиянаттың бір түрі деп атады.