Иран Мәжілісінің төрағасы Түркия сапарынан бас тартты
(last modified Thu, 10 Oct 2019 09:30:21 GMT )
Қаз 10, 2019 15:30 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің төрағасы Түркия сапарынан бас тартты

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Түркия Сирия аумағына шабуыл жасаған соң Түркия сапарынан бас тартты.

Иран Телерадио бірлестігінің бүгін бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша Түркия Парламенті спикерінің шақыруымен парламенттік отырысқа қатысу үшін Стамбұлға бармақ болған Әли Лариджани Түркия Сирия жеріне шабуыл жасаған соң сапардан бас тартты.

Иран СІМ мұның алдында Түркия әскерилерінің Сирияға енуінің адами және материалды орасан шығыны болатынын ескертті. ИИР кез келген ықтималды әскери амалға қарсы.

Иран Президенті Хасан Рухани да кеше аймақ оқиғаларына сілтеме жасап: «Түркия өзінің оңтүстік шекараларына алаңдап отыр. Бірақ алаңдаушылығын шешу үшін дұрыс жол мен тәсілді таңдауы керек» деген болатын.

 

 

 

Тегтер