Иран Түркияның Сирия жеріне шабуылдарын тоқтатуы қажеттігін баса айтты
Иран СІМ Түркияның Сирия жеріндегі шабуылдарын тез арада тоқтатып, әскерилерін шығаруы қажеттігін қуаттап, Түркияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарын түсінетінін мәлімдеді.
Иран СІМ бүгін бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Түркияның Сирия аумағына жасаған әскери әрекетіне алаңдаушылық білдіріп: «Әскери әрекет Түркияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын шешпеуімен қоса материалды және адами шығындарға соқтырады. Сол себепті Иран бұл әрекетке өзінің қарсылығын жариялайды. Аймақтың қазіргі жағдайы аймақтан тыс елдердің, әсіресе Америка тарапынан жасалған араласушылықтардың салдары. ИИР мәселелерді аймақ әлеуеттері аясында шешуге негізделген көзқарасымен Түркия мен Сирия арасында кез келген рөл атқаруға әзірлігін жариялайды. Қазірдің өзінде екі жақпен де байланыста. Бұл мәселе тек бейбіт шаралар арқылы және Сирияның ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу және Адана келісімі арқылы шешіледі» деді.