Лариджани: Америкалықтар халықаралық қарым-қатынаста бейберекеттікке себеп болды
(last modified Sun, 13 Oct 2019 09:01:10 GMT )
Қаз 13, 2019 15:01 Asia/Almaty
  • Лариджани: Америкалықтар халықаралық қарым-қатынаста бейберекеттікке себеп болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани америкалықтардың халықаралық қарым-қатынаста бейберекеттік орнауына себеп болғанын айтып, әртүрлі елдердің басшыларымен сұхбаттасу қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани жексенбі күні Дүниежүзілік парламентаралық одақтың отырысына қатысу үшін Белград сапары алдында сөйлеген сөзінде оны Парламент төрағаларымен әртүрлі салалар, соның ішінде аймақтық және халықаралық мәселелер мен екіжақты әріптестік туралы пікір алмасу үшін қолайлы мұрсат деп атады.

Лариджани, сондай-ақ, Иран мен Сербияның қарым-қатынасына тоқталып: "Иранмен достық қарым-қатынасқа ие Сербиямен әріптестікті кеңейтуге Теһран әрдайым көңіл бөледі",-деді.

Лариджани Дүниежүзілік парламентаралық одақтың Бас ассамблеясында сөз сөйлеп, ИИР-ның аймақтық және халықаралық мәселелер, сондай-ақ отырыстың тақырыбына қатысты ұстанымдарын баяндайды.