Зариф Ресей, Ирак және Сирия Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 18 Oct 2019 08:05:01 GMT )
Қаз 18, 2019 14:05 Asia/Almaty
  • Зариф Ресей, Ирак және Сирия Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасты

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Ресей, Ирак және Сирия Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы жеке сөйлесіп, аймақтағы оқиғалар, әсіресе Сирияның солтүстігіндегі жағдай жайлы пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің бейсенбі күні Ресей, Ирак және Сирия Сыртқы істер министрлерімен жеке сұхбатында тараптар Евфрат өзенінің шығыс жағалауында тұрақтылықтың ұзақ мерзімге берік сақталуына қол жеткізу үшін Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарау қажеттігін қуаттады.

Осы сұхбатта, сондай-ақ, Дамаск пен Анкара арасында және Сирия басшылары мен күрдтердің өкілдері арасында диалог өткізу қажеттігі қуатталды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Зарифтің аймақ елдері басшыларымен Түркияның Сирияның солтүстігіне шабуылдарын толығымен тоқтату туралы сұхбаттары жалғаса береді.