Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 18 Oct 2019 12:15:40 GMT )
Қаз 18, 2019 18:15 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері имам Хусейн (ғ.) Арбағинының жаяу шеруін әлемдегі азаттықты сүюшілердің дұшпандардың алдында сап түзеуі деп атап: "Арбағин шеруі дұшпандар үшін бір қорқынышты түске айналды",-деді.

Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари  Теһран жұма намазының құтпаларында Ирак үкіметі мен халқына имам Хусейннің (ғ.) қырқы Арбағинді салтанатты түрде өткізу үшін жасаған талпыныстарына алғыс айтып: "30 млн адам "Ләббайк, я, Хусейн!" деген ұранмен Арбағин шеруінде сап түзеген кезде үстемшілдердің бойын үрей билейді.

Имам Хусейн (ғ.) Арбағины – әлемде үстемшілдікті жоюды айрықша жылдамдататын оқиға",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері имам Хусейн (ғ.) Арбағины рәсімдері қисынының исламды жеңіске жеткізетінін айтып: "Арбағиннің қисыны – қарсыласу, үміт, шаршауды білмейтін табандылық, жан-жақты жеңіс, дұшпанмен аражікті белгілеу, қорықпау, адамдарға махаббатпен мейірімділік жасау",-деді.

Х.қ.ж.с.б. 1441 жылдың сафар айының 20 жұлдызы (2019 жылдың 19 қазаны) – имам Хусейн (ғ.) мен оның адал серіктерінің Кербала даласында шәһид болған күнінің қырқы.