Иран Вице-Президенті Ирак Президентімен телефонмен сөйлесті
(last modified Sun, 20 Oct 2019 10:59:26 GMT )
Қаз 20, 2019 16:59 Asia/Almaty
  • Иран Вице-Президенті Ирак Президентімен телефонмен сөйлесті

Иран Вице-Президенті сенбі күні Ирак Президенті Бархам Салехпен телефон арқылы сұхбатында осы ел үкіметі мен халқына «Арбағин» зияратшыларын жақсы қабылдағандары үшін алғыс айтып, Иран үкіметі мен халқының Ирак үкіметі мен діни жетекшілеріне сәлемін жеткізді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Джахангири Иран Президентінің Иракқа сапары мен Бархам Салехтің Теһран сапарына тоқталып, екі ел арасындағы келісімдердің тез орындалу кезеңіне аяқ басатынына үміт білдірді.

Ирак Президенті Бархам Салех та Ирак үкіметі мен халқының Иран үкіметіне, халқы мен Ислам революциясы жетекшісіне сәлемін жолдап, Ирактың өзара келісімдерді орындауға жан-жақты талпыныс жасап жатқанын атап өтті.

Иран Вице-Президенті кеше Ирак Премьер-министрімен де телефон арқылы сұхбаттасып, Ирак үкіметі мен халқының «Арбағин» зияратшыларын қабылдауда атқарған қызметтері үшін алғыс айтып: "Бұл рәсім ислам әлемінің құдіреті, айбыны мен бірлігін көрсететін оқиғаға айналды",-деп қуаттады.

 

Тегтер