Иранның «Шаламче» шекарасынан Иракқа 220000 шетелдік зияратшы сапар шекті
(last modified Mon, 21 Oct 2019 08:52:28 GMT )
Қаз 21, 2019 14:52 Asia/Almaty
  • Иранның «Шаламче» шекарасынан Иракқа 220000 шетелдік зияратшы сапар шекті

ИИР Полиция күштерінің Шаламчедегі «Арбағин» штабының қолбасшысы елдің оңтүстік-батысындағы халықаралық Шаламче шекарасынан «Арбағин» шеруіне қатысу үшін 220000 шетелдік зияратшы Иракқа сапар шеккенін мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Сақаи жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатта: «Әлемнің 20 елінің зияратшылары имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағин» рәсімдеріне қатысу үшін Шаламче шекарасынан өтті. Шетелдік зияратшылардың көбі Пәкістан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Түркмения мен Үндістаннан келді»,- деді.

Бұдан бұрын Систан-Балучестанның көлік және тасымалдау кеңсесінің уақытша басшысы Аюб Күрд: «23 тамыздан 19 қазанға дейін 109000 пәкістандық зияратшы Иранның оңтүстік-шығыс шекарасындағы Мирджаве шекара аялдамасынан Иранға енді»,- деді. Биыл әлемнің әртүрлі елінің 17 милионнан астам зияратшысы имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күні қарсаңынан бері Ирактағы әртүрлі жолдармен жаяу жүріп, имамның Кербаладағы қасиетті кесенесіне жетті.

 

 

 

 

Тегтер