Иран «Ортақ қадамдағы" міндеттемелерін азайту бойынша төртінші қадамды бастауға дайын
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту бойынша төртінші қадамды іске асыруға байланысты өзгерістер жөнінде айтқан сөзінде: «Төртінші қадам жобаланды. Иран оны іске асыруға дайын»,- деді.
Сейед Аббас Мусави дүйсенбі күні жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген баспасөз отырысында: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту бойынша төртінші қадамды іске асырмас үшін аталмыш келісімде қалған мемлекеттер өз міндеттемелерін жүзеге асыруы керек»,- деді. Мусави Түркияның Сирияның жерінде әскери база құру талпынысы туралы: «Түріктер өз шекарасында базасын орната алады. Бірақ Сирия жерінде әскери база орнатуы заңсыз әрі БҰҰ-на мүше тәуелсіз елге жасалатын шабуыл саналады»,- деді. Мусави Ауғанстанда сайлауына қатысты: «Иран біртұтас Ауғанстан мен заңды үкіметін қолдайды. Иран Үкіметке бүкіл ауған топтары қатысуы керек, сондай-ақ бұл мәселе шетелдіктер қатыспайтын келіссөздер арқылы шешіледі деп санайды»,- деді.