Зариф: Жан-жақтылық қажеттілікке айналды
https://itolqyn.com/news/iran-i43950
Иран Сыртқы істер министрі жан-жақтылықтын халықаралық қоғамда қажеттілікке айналғанын, біражақтылықтың сәтсіздікке ұшырайтынын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 21, 2019 20:41 Asia/Almaty
  • Зариф: Жан-жақтылық қажеттілікке айналды

Иран Сыртқы істер министрі жан-жақтылықтын халықаралық қоғамда қажеттілікке айналғанын, біражақтылықтың сәтсіздікке ұшырайтынын баса айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мохаммад Джавад Зариф Теһранда өткен  «Біржақтылық пен халықаралық құқықтар» аттты халықаралық конференцияда: «Үкіметтер өз мәселелерін жалғыз шеше алмайтынын, басқалардың қастандықтарына қарсы тұра алмайтынын түсініп, жан-жақтылыққа бет бұрды",- деді. Зариф "Батыссыз әлем" деген сөз тіркесіне сілтеме жасап: "Батыссыз әлем, яғни Батыс әлемдік өзгерістерге қатысты жалғыз шешім қабылдай алмайды деген шындықты білдіреді» деді. Ол сондай-ақ АҚШ-тың өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмсаған әскери қаржыларына назар аудартып: "АҚШ үкіметі 11 қыркүйек оқиғасынан кейін әскери салада миллиардтаған доллар жұмсағанымен өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады",- деп қуаттады.