Иранның мәртебесі әлем елдері мен халықтары арасында күннен күнге артып келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i43990
ИИР президенті америкалықтардың Иранды оқшаулау талпыныстарына тоқталып: «ИИР-ның мәртебесі әлем елдері мен халықтары арасында күннен күнге артып келеді» - деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 24, 2019 18:03 Asia/Almaty
  • Иранның мәртебесі әлем елдері мен халықтары арасында күннен күнге артып келеді

ИИР президенті америкалықтардың Иранды оқшаулау талпыныстарына тоқталып: «ИИР-ның мәртебесі әлем елдері мен халықтары арасында күннен күнге артып келеді» - деді.

Хасан Рухани бүгін бейсенбі күні Теһраннан Әзірбайжанның астанасы Бакуге Қосылмау қозғалысына мүше елдердің он сегізінші саммитіне қатысу үшін аттанар алдында америкалықтардың біржақтылығы мен олардың әлем елдерінің істеріне араласушылықтарына сілтеме жасап: «Аймақтағы өте маңызды әрі ықпалды ел Иран дұшпандардың, әсіресе Американың қастандықтары алдында өз жолын жалғастырады», - деді.

Рухани Әзірбайжан сапарындағы бағдарламаларына тоқталып, Иранның аймақтық және әлемдік самиттерге белсене қатысуы керек екенін қуаттады.