Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 26 Oct 2019 08:39:07 GMT )
Қаз 26, 2019 14:39 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері: "ИИР стратегиясы АҚШ пен сионистік режимнің стратегияларына керісінше әлемдік қауымдастықпен сындарлы әріптестік жасауға негізделген",-деді.

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Мұхаммад Хасан Абуторабифард АҚШ пен сионистік режим мен олармен жақтас елдердің тек зорлық тілін түсінетінін айтып: "Осындай шектен тыс талап етушіліктердің алдында өзінің ұлттық мүдделерін қорғағысы келетін елдер саясат, экономика, қорғаныс және ғылым бойынша күш-құдіретке ие болуы тиіс.

Иран халқының революциялық қозғалысы басталып, ислам жүйесі қалыптасқаннан бергі АҚШ пен сионистік режимнің стратегиясы соғыс отын тұтатып, ИИР-мен ұдайы қарсыласу болып отыр.

Қорғаныс қуаты, исламдық қарсыласу қозғалысының айбыны, Иран халқының бірлігі мен біртұтастығы – АҚШ-тың ИИР географиялық аумағына басып кіруіне тежеу болып отырған факторлар",-деді.