Мусави: Иран Ирактағы оқиғаларды жіті қадағалап отыр
(last modified Sun, 27 Oct 2019 09:47:39 GMT )
Қаз 27, 2019 15:47 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран Ирактағы оқиғаларды жіті қадағалап отыр

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ондаған адамның өлімі мен жарақат алуына және қоғамдық мүліктің қирауына себеп болған Ирактағы жуырдағы оқиғаларға өкініш білдіріп, Иранның Ирактағы өзгерістерді жіті қадағалап отырғанын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави Иракта болып жатқан оқиғалар туралы: «ИИР діни жетекшілері мен Ирактың Премьер-министрі Адел Абдулмаһдидің мәлімдемесі мен сөздерінде қуатталған халқының талап-тілектерін қолдайды»,- деді. Мусави ондаған адамның өлімі мен жарақат алуына және қоғамдық мүліктің қирауына себеп болған Ирактағы оқиғаларға өкініш білдіріп: «Ирак үкіметі мен халқы  және діни жетекшілері мәселелерді шешіп, Ирактың біртұтас дамуына жететініне сенімдіміз»,- деді.

 

 

Тегтер