Сионистік режимнің қорқынышының себебі – Палестина халқының табандылығы
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Палестинаны ислам әлемінің басты тақырыптарының бірі деп атап: «Палестина халқының табандылығы сионистік режимді үрейлендіріп отыр», - деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани дүйсенбі күні кешке Семнан облысының Дамған университетінде бөгде жердегі мұджаһедтердің халықаралық жиналысында: «Аймақ халықтары мен қарсыласу қозғалысының табандылығы дұшпандардың қатынасына байланысты туындап отыр, өйткені дұшпандардың қастандықтарымен күресудің жалғыз жолы – қарсыласу және табандылық»,‑деді.
Лариджани аймақ халықтарының табандылығы дұшпандарды аймаққа қарсы қастандық ойластыруға мәжбүрлегенін айтып: «Дұшпан қазір қарсыласу қозғалысының күш‑қуатына көзі жетті. Осы табандылыққа сәйкес қарсыласу қозғалысына өз қастандықтарын таңады, бірақ ешқашан жеңіске жетпейді.
Ислам елдеріндегі қарсыласу қозғалысының күштері өздерінің джиһад және табандылығымен бөгде жерде оқшау қалып отырған жоқ, бұл джиһад Батыс Азия аймағындағы әсерлі де озық әрекет»,‑деді.