Жетекші: Ирак пен Ливанның жанашырлары негізгі басымдылықтың қауіпсіздік орнату екенін білсін
(last modified Wed, 30 Oct 2019 14:00:10 GMT )
Қаз 30, 2019 20:00 Asia/Almaty
  • Жетекші: Ирак пен Ливанның жанашырлары негізгі басымдылықтың қауіпсіздік орнату екенін білсін

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың аймақтың кейбір елдерін қауіпсіздіктен айыру жобаларына тоқталып: «Ирак пен Ливанның жанашырлары олардың негізгі басымдылықтарының қауіпті жағдайды жою екенін, бұл елдердің халықтары да талаптарының тек заңды құрылымдар аясында қамтамасыз етілетінін білсін», - деді.

Аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күні Хатам ул-Анбия әуе қорғаныс университетінде ИИР Армиясы офицерлік университеттері студенттерінің оқу орнын аяқтау рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қауіпті кекшілдіктің факторлары анықталды. Бұл оқиғалардың тасасында Америка мен батыстың барлау ұйымдары аймақтың кейбір кертартпа елдерінің қаржлылай қолдауымен тұр», - деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бір елге ең үлкен соққы беруді оны қауіпсіздіктен айыру деп атап: «Дұшпандардың Иранға қатысты да мұндай ойлары болған. Бірақ халық қырағы түрде алаңға шығып, қарулы күштер де әзір болып, оны залалсыздандырды», - деді.

Аятолла Хаменеи Англия, Франция, Америка армияларының соңғы бір ғасырдағы Үнді түбегі, Азияның шығысы мен батысындағы, Африканың солтүстігі мен орталығындағы кейбір қылмыстарына сілтеме жасап: «Үстемшіл елдер армияларының негізгі міндеті - басқыншылық, басқа елдерге соққы беру. ИИР қарулы күштерінің пәлсапасы мен қисыны елді мықты айбынмен қорғауда. Бірақ басқыншылыққа ешқашан жол жоқ», - деді.  Хазірет сионистік режимнің Хезболла мен Палестинаның мықты жастарынан 33, 22 және 7 күндік соғыстардағы үздіксіз жеңілісін Алланың уәделерінің жүзеге асуының айқын үлгілері деп атап: «Үстемшілдердің үлкен қаржы жұмсағанына қарамай Азияның батысындағы жеңілісі де илаһи уәделердің іске асуының келесі үлгілері», - деді.

 

 

Тегтер