Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 01 Nov 2019 13:30:54 GMT )
Қар 01, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы Ирактағы өзгерістерге тоқталып: «АҚШ үкіметі 16 жылдан бері күн сайын бір миллион баррель Ирак мұнайын соғыс олжасы ретінде талан-таражға салуда. Ирактағы шиеленістердің негізгі себепшісі – АҚШ»,- деп қуаттады.

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани Теһран жұма намазының құтпаларында дұшпанның аймақ елдерінде мұрсаттарды пайдалануға талпынатынына назар аудартып: «Ирактағы АҚШ елшісі әшкере түрде қатыгездікті қолдап, Ирактың полиция күштеріне бұл әрекеттерді бақылауға алуға кедергі жасауда»,- деді. Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани Ливан оқиғаларына тоқталып: «Ливан Премьер-министрінің отставкаға кетуі бұл елдегі кейбір саяси ағымдардың өз халқының мүдделерінен гөрі Израиль режимі, АҚШ және кейбір араб елдерінің мүдделерін ойлайтынын көрсетті»,- деді.  

 

Тегтер