Иранның электр энергетикасы – Батыс Азиядағы жарықтың алқасы
Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранның электр энергетикасы Батыстың ғылымы мен жабдықтарынан тәуелсіз болып, бүгінде жергілікті ғылымға сүйеніп, Иран электрөнеркәсібінің бүкіл жабдықтарын жергілікті мамандар жасап, тіпті экспортталатын болды.
ИИР түрлі газ турбиналары және электрэнергетикасының басқа жабдықтарын экспорттаумен қатар, әртүрлі аймақтық нарықтарда техникалық және инжинирингтік қызмет көрсетеді. Электр энергетикасы индустриясы өмірлік маңызды инфрақұрылымдардың бірі ретінде елдер үшін басқа да маңызды және стратегиялық өндірістердің дамуында сындары рөл атқарып, адамдардың жайлы өмірімен мағыналы байланысқа ие. Иранның электроэнергетика саласындағы жетістіктері мен өнімі соншалықты кең болып, Иран шекарасынан сыртқа асып, аймақ пен көршілес елдердің халықтары оларды пайдаланып жатыр. Осы салада Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан Теһранда Сирия Энергктика министрі Мұхаммад Зухаир Харботлимен кездесуінде: «Иран, Ирак және Сирияның электр желілерінің үшжақты байланысы күн тәртібінде қарастырылуда. Үш елдің электр желілері аймақтың мүмкіндіктері пайдаланып, бірде-бір азаматты электр қуатын пайдаланудан мақұрым қалдырмайтындай жұмыс істеуі қажет»,- деді. Иран электр энергетикасы саласында, атап айтқанда электр стансасы үшін қажет технологиялар мен жабдықтарда өзін-өзі қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Иран бұл саладағы табанды ұстанымы және Батыс Азия аймағына байланысты стратегиялық көзқарасының арқасында аймақтық елдер үшін сенімді серіктеске айналды. Иран осы кезде 80 000 МВт-тан астам қуат өндіру бойынша Батыс Азия аймағында бірінші, әлемде 14-ші орында. Иранның бұл мөлшерде электр қуатын өндіру әлеуеті Батыс Азия мен көршілес елдерді Иран компанияларына мұқтаж етті. Иран Батыс компанияларынан керісінше елдерді тәуелді етуге талпынбайды. Қиындықтар туған кезде әртүрлі экономикалық, саяси және қауіпсіздік салаларында аймақ халықтарымен бірге болды. Сондықтан Сирияның Энергетика министрі Мұхаммад Зухаир Харботли Иранның Сирияның электр желі жүйесін тұрақтандырып, сақтап қалу үшін маңызды рөл атқарғанына тоқталып: «Ирандық компаниялардың әлеуетін пайдаланып, Сирияның солтүстігіндегі қуаты 400 МВт Алеппо электр станциясының бірінші және бесінші қондырғылары қайта салынады»,- деді.
Иран, Сирия және Ирактың электроэнергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қалайтынын ескере отырып, Дамаск пен Бағдад электр энергетикасы саласындағы Иранның мүмкіндіктерін пайдалануды қолдап, өзара үшжақты электр желісін құруды қажет санайды.