Мусави: Қайталамалы санкциялар Американы мақсатына жеткізбейді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларына тоқталып: «Қайталамалы санкциялар Американы мақсатына жеткізбейді»,-деді.
Сейіт Аббас Мусави сенбі күні АҚШ‑ның мұндай шараларының осы елдің әлсіздігі мен дипломатиялық тиімсіздігін көрсететінін айтып: «Өкінішке орай, АҚШ‑тың дипломатиялық аппараты ақылға қонымды дипломатиялық шешім жолдарын орындауға қауқарсыздық танытып отыр. Олар тек зорлық пен экономикалық терроризмге арқа сүйей алады»,‑деді.
Мусави АҚШ‑тың басқа елдерге, тіпті халықаралық көпжақты механизмдерге қатысты қолданып отырған үркіту дипломатиясының жаһандық түйткілге айналғанын айтып: «АҚШ бос қиялдан бас тартып, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға оралуы тиіс»,‑деді.