Иран «Ортақ қадамдағы» міндеттемелерін азайту бойынша төртінші қадамды бастайды
ИИР Президенті елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту бойынша төртінші қадамды ертең сәрсенбі күні Форду ядролық нысанында бастайтынын хабарлады.
ИИР Президенті Хасан Рухани бүгін, сейсенбі күні Теһранда «Азади» инновациялық зауытының ашылу шарасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша 1044 центрифуганың Форду нысанында жұмыс істеп тұрғаны, бірақ оларға газ жіберілмеуге келісілгенін айтып, алайда ертең Форду нысанында газ жіберу үдерісі басталатынын хабарлады. Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысқан барлық тараптың Иранның бұл келісімгеб іржақты табандылық сақтай алмайтынын білуге міндетті екенін қуаттап: «Аталмыш келісімге қол қойған барлық тараптың барлық санкцияы, атап айтқанда металдар, сақтандыру, мұнай мен банктік бөлімдердегі санкциялардың күшін жоюы жөнінде келіссөздер өткізуге екі ай уақыты бар. Иранның жаңа жұмыстары Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен іске асырылады. Иранның төртінші қадамы да бұрынғы қадамдары секілді қайтарылу мүмкіндігіне ие»,- деді.