Иран төртінші қадамында уранды 5 пайызға байытты
(last modified Wed, 06 Nov 2019 14:20:29 GMT )
Қар 06, 2019 20:20 Asia/Almaty
  • Иран төртінші қадамында уранды 5 пайызға байытты

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамын іске асыру негіздері бойынша елінің Атом қуаты ұйымына Форду ядролық нысанындағы центрифугаларға газ жіберу жұмыстарын бастауды бұйырды.

 

Хасан Рухани 2019 жылдың 6 қарашасында Иранның еуропалық тараптарға ядролық мәселе жөніндегі келісімдегі өз міндеттемелерін іске асыруға берілген үшінші екі айлық мұрсаттың аяқталуы мен олардың міндеттемелерін орындамауына байланысты келесі екі ай бойы төртінші қадамды іске асыруды бұйырды.

Төртінші қадам екі тұрғыдан ерекше маңызды: біріншіден, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша Форду ядролық нысанында 1044 центрифуга зерттеу жұмыстарымен айналысқанымен оларға газ жіберілмеген болатын. Енді бүгін 6 қарашадан Иран Президентінің бұйрығымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бақылаушы жалғыз органның, яғни Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бақылауымен Форду нысанында 1044 центрифуга машиналарына газ жіберу үдерісі басталды; екіншіден, төртінші қадамның іске асырылуымен бір мезгілде Форду ядролық нысанында уран байыту мөлшері 5 пайыз деңгейге жетті. Негізінде Иран уранды 20 пайызға байыту қабілетіне ие. Бірақ қазір оны іске асырудың қажеті жоқ. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иранда уранды 3,67 пайызға  байыту қарастырылған. Бұл салада Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи: «Иран төртінші қадам негіздері бойынша Форду нысанында уранды 5 пайызға байытады. Қажет болса, байыту деңгейін 20 пайызға да жеткізе алады. Бірақ қазір бұл қажет емес»,- деді. Иран үкіметі бірте-бірте  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы қадамдарын іске асырып келеді. Бірақ егер еуропалықтар өз міндеттемелерін орындаса, осыған дейінгі үш қадам секілді төртінші қадам да қайтып оралу мүмкіндігіне ие.

2018 жылдың 8 мамырында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң еуропалықтар да келісімдегі  міндеттемелерін орындамай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптары іске асырылмай қалды. Бұл жағдайдың жалғасуы және Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан АҚШ-тың шығынының орнын толтыра алмауына байланысты Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптарына сүйеніп, жан-жақты келісімдегі міндеттемелерді іске асыру теңгерімін қайтаруды күн тәртібіне қойды.

Иранның АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі мен еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұрмалауына қайтарған жауабы Иранның әртүрлі реакция білдіргенін көрсетті. АҚШ-тың Иранға қарсы мейлінше қысым жасау саясаты Иранның экономикалық және саяси салаларына әсерін тигізбеуімен бірге Иранның бейбіт мақсатты ядролық технологиясын дамытуға да кедергі бола алмады. Натанз уран байыту нысанындағы центрифугалардың жаңа IR6 буынының тұсаукесер рәсімі АҚШ-тың барынша қысым көрсету саясатының сәтсіздікке ұшырағанын дәлелдеді. Мұндай жағдайда еуропалық үш мемлекеттің жалғыз жолы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындау болып табылады. Өйткені аталмыш келісімнің сақталуы міндеттемелердің орындалуымен байланысты. Кері жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тағдырына біріншіден АҚШ, содан соң еуропалықтар кінәлі болып, ядролық мәселе жөніндегі жан-жақты келісімнің қатерге тірелуіне солар жауапты болуы керек.