Хашеми Рафсанджани: Халық сайлауды ықыласпен өткізуге шешім қабылдады
https://itolqyn.com/news/iran-i442
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: "Иран халқы мен үкіметінің шешімі, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтың күтетіні - саяси, ғылыми, мәдени және діни сарапшылардың қатысуымен ықыласпен сайлау өткізу" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 07, 2016 16:05 Asia/Almaty
  • Хашеми Рафсанджани: Халық сайлауды ықыласпен өткізуге шешім қабылдады

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: "Иран халқы мен үкіметінің шешімі, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтың күтетіні - саяси, ғылыми, мәдени және діни сарапшылардың қатысуымен ықыласпен сайлау өткізу" деді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани сенбі күні Исламдық Азат университетінің имам Хомейнидің жолын ұстанушы студенттердің исламдық ассоциациясының мүшелерімен кездесуінде: "Иран халқы мен жастары, әсіресе, студенттер үлкен жауапкершілікпен заңға сәйкес түрде сайлауға қатысады. Тиісті жауапты тұлғалар да халықтың ынта-жігерін көріп, бар жағдайды жасайды" деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы сондай-ақ Исламдық Еңбек партиясының орталық кеңесі және Жастар кеңесінің мүшелерімен кездесуінде революция үдерісіндегі барлық ағымдардың қатысуымен ауқымды әрі жалпыхалықтық сайлау өткізу үшін барлық жағдайдың жасалғанын айтып: "Халық үлкен ықыласпен үміткерлердің арасынан өздерінің көңілдерінен шығатын адамдарға дауыс береді" деді.

Осындай жағдайда Иранның Ішкі істер министрлігінің ақпарат хатшысы Хосейнәли Амири де: "Конституцияны сақтау кеңесі Ислам кеңесі мәжілісінің сайлауына тіркелген 12000 үміткердің арасынан 6180 адамның біліктілігін растады" деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісі сайлауының оныншы кезеңі Эксперттер кеңесі сайлауының бесінші кезеңімен бір мезгілде 2016 жылдың 26 ақпан күні өткізіледі.