Джебели: Үстемшілдердің ақпарат құралдарымен күресуге бар күшті салу керек
ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы үстемшілдердің ақпарат құралдарымен жан-жақты күресу қажеттігін қуаттап: "Осындай үстемшіл ақпараттық ағыммен күресу үшін барлық күш-қабілетті қолдану керек",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пейман Джебели бейсенбі күні Ақпарат белсенділері одағының отырысында үстемшілдерге қарсы мұсылман және мұсылман емес тұлғалар мен ақпарат құралдарын жақсылап таныстыру қажеттігін айтып: "Егер революция мен адамзат болмысына дұшпандар осы революцияны жеңіліске ұшырату үшін бүкіл құралдарын қолданса, біз де өз әлеуеттерімізді пайдалануымыз керек",-деді.
Пейман Джебели Ислам революциясының идеология саласында исламның зұлымдықпен күресте алғы шепте болып, дамуды бастай алатынын дәлелдегенін айтып: "Ислам революциясы күрес үлгісін іздеген мұсылман күрескерлер үшін жарқын үлгі болды",-деді.