Иран Президенті Теһран мен Исламабадтың екіжақты қарым-қатынастарын кеңейту маңыздылығын қуаттады
ИИР Президенті Пәкістан армиясының құрлық күштері қолбасшысымен кездесуінде екі елдің қарым-қатынастарын мүмкіндікке қарай мықтау қажеттілігін қуаттады.
Хасан Рухани сейсенбіде Теһранда Камар Джавид Баджвамен Теһрандағы кездесуінде: "Осы кезде Иран бейбіт құбырын Пәкістан шекарасына дейін жеткізді және әртүрлі салаларда ынтымақтастық етуге толық дайын",- деді. Иран Президенті аймақтың маңызды өзгерістеріне тоқталып: "Иранның пікірінше, бүкіл елдердің мәселелері мен аймақтық қарым-қатынастары бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылық орнатуды көздеуі керек",- деп қосты.
Пәкістан армиясының құрлық күштері қолбасшысы Камар Джавид Баджва бұл кездесуде Иран мен Пәкістанды екі шекаралас ел және екі елдің халқын бауыр әрі дос деп атап: "Ешбір мемлекет Пәкістан мен Иранның қарым-қатынастарын бұза алмайды",- деді.