Әуе-қорғаныс күштерінің әскери жаттығуында Иранның аспандағы айбыны көрсетілді
(last modified Fri, 22 Nov 2019 14:47:55 GMT )
Қар 22, 2019 20:47 Asia/Almaty
  • Әуе-қорғаныс күштерінің әскери жаттығуында Иранның аспандағы айбыны көрсетілді

ИИР армиясы әуе-қорғаныс күштерінің "Велаят аспанын қорғаушылар-98" атты әскери жаттығуы толығымен отандық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы және ұлттық айбынды көрсету мақсатында өтті.

Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің "Велаят аспанын қорғаушылар-98" атты екікүндік әскери жаттығуы бейсенбі күні Теһранның шығысында орналасқан Семнан облысының 413 мың шаршы шақырым ауданында басталды. Бұл әскери жаттығу әуе күштерінің шартты дұшпанды анықтау және онымен әуеде қақтығысуын қамтитын екі кезеңде жоспарланды.

Әуе-қорғаныс күштері қорғаныс саласын нығайтуда маңызды рөл ойнайды. Иран отандық әуе-қорғаныс кешендерін жасауда сәттілікке жетуіне байланысты басқыншылардың алдында өзінің әуе-қорғаныс аясын мығымдай алды.  

Бұрындары құрлықта болған соғыс стратегиясы өзгергеннен кейін бүгінде әуе мен теңізде айбынды көрсету және әскери күштерді ұзақтан басқару қорғаныс қуатын нығайту жолында маңызды рөл ойнайды.

Мұндай жағдайда әуе-қорғаныс күштері құдіретінің маңыздылығы еселене түседі. Семнанда Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің "Велаят аспанын қорғаушылар-98" атты әскери жаттығуын өткізу қорғаныс кешендерінің дәлдігі мен жылдамдығын пысықтау үшін аса маңызды.

Иран әуе-қорғаныс кешендерін әралуандандыру – елдің қорғаныс өнеркәсібінің басты басымдығы. "Бовар-373" әуе-қорғаныс кешені Иран қорғаныс саласындағы ең жаңа жетістік саналады. Бірегей қабілеттері мен әлеуеттеріне байланысты санаулы елдер ғана мұндай кешен жасай алады.

Ұзақ қашықтық пен жоғары биіктікке арналған "Бовар-373" әуе-қорғаныс кешені – Иранның ең маңызды зымырандық жобасы. Бұл зымыранды 300 км қашықтыққа ататын қозғалмалы кешен. Дәл анықтау қабілеті, бір мезгілде 100 нысананы басымдығына қарай бөлу және 6 объектпен бір мезгілде қақтығыса алу қабілеті "Бовар-373" зымырандық кешенін әлемдегі ең үздік зымырандық кешендер, соның ішінде С-400 кешенінің қатарына қойды.

Бұл салада ИИР Президенті  Хасан Рухани осыдан бұрынырақ Ұлттық қорғаныс өнеркәсібі күніне арналған рәсімде Иранның қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері, шет елдердің елшілері және әскери атташелерімен кездесуінде: «Бовар-373» әуе‑қорғаныс кешені С-300 зымырандық кешенінен мықтырақ, ал С-400 кешеніне өте жақын»,‑деді.

"3-хордад" отандық әуе-қорғаныс кешені – әскери амалда жоғары тиімділік көрсеткен тағы бір зымыран. Бұл жергілікті кешен 2019 жылдың 20 маусымында Иран әуе кеңістігін бұзған АҚШ-тың  Global Hawk атты тыңшылық ұшқышсыз ұшағын Хормозган облысындағы Мобарак тауына қарама-қарсы ауданда нысанаға алып, құлатты.

ИИР-ның құрлық, әуе мен теңіздегі географиялық аумағында орнаған қазіргі қауіпсіздіктің жергілікті қорғаныс өнеркәсібімен тікелей байланысы бар. Иран осы салада өзінің ішкі қабілеттеріне сүйеніп, өз-өзін қамтамасыз ететін жағдайға жеткен соң оған нұқсан келтіру мүмкіндігі жойылды.

ИИР бейбітшілікті тілей отырып, өзінің әскери-қорғаныс қуатын көрсетті. Сол себепті Семнандағы Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің әскери жаттығуының жолдауы – достарға бейбітшілік пен достық, ал дұшпандарға  елдің әуе-қорғаныс айбынын көрсету.  

Тегтер