Қар 24, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен әріптестікті кеңейтуді көздейді

Қазақстанның Ирандағы елшісі екі елдің әртүрлі салаларда өзара әріптестікті дамытуды қалайтынын мәлімдеді.

Ирандағы Қазақстанның елшісі Асқат Оразбай сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта ирандық іскерлер мен туристерге виза берудің жеңілдетілетінін хабарлап: "2020 жылдың көктемінде екі ел арасында виза беруді жеңілдету туралы келісімге қол қойылады.

Ирандық іскерлер мен туристерге виза беруді жеңілдету екі елдің туризм саласындағы әріптестігін кеңейту мақсатында жасалады",-деді.

Ирандағы Қазақстанның елшісі екі елдің арасында тікелей рейстер санын арттыру қажеттігін айтып: "Қазіргі таңда Қазақстан мен Иран арасында аптасына бір әуе рейсі ұшады. Рейс көбеюі керек",-деді.

Тегтер