ИИР Президентінің қатысуымен Миане-Бостонабад темір жолы іске қосылды
(last modified Wed, 27 Nov 2019 13:37:36 GMT )
Қар 27, 2019 19:37 Asia/Almaty
  • ИИР Президентінің қатысуымен Миане-Бостонабад темір жолы іске қосылды

ИИР Президенті бүгін сәрсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Бостонабад темір жолы аялдамасында ресми түрде «Миане-Бостонабад» темір жолын іске қосуға бұйырды.

Ұзындығы 132 км бұл темір жол Миане аялдамасынан басталып, таулы жерлерден өтіп, Бостонабад темір жол аялдамасына қосылады. «Миане-Бостонабад» темір жолы үшін Исфаһан темір балқыту зауытының өнімі қолданылды. Сондай-ақ ИИР Президенті Хасан Руханидің жолдауымен 159 жолаушысы бар бірінші пойыз Бостонабад аялдамасынан Иранның солтүстік-шығысындағы қасиетті Мешһед қаласына аттанды. Рухани бұл жобаның іске қосылуы рәсімінен кейін жер сілікінісі болған Дастджерд ауылына аттанды. Иран Президенті Дастджерд халқы алдында үкіметтің жер сілкінісі болған аймақтар халқының қиындықтарын шешу үшін көмегін аямайтынын қуаттап: «Үкімет жедел көмек көрсетіліп,  халықиың қиындықтары шешіліп, аймақ қайта құрылғанша жерсілкінісінен зардап шеккендердің қасында болады. Әзірбайжан әрқашан исламдық Иранды қорғау шебінің алдыңғы қатарында болды»,- деді.