Ирандағы бүліктер – әлемдік үстемшілдіктің екі жылғы жұмысының салдары
Теһран жұма намазаның имамы Ирандағы жуырдағы бүліктердің қатерлі жоба болғанына тоқталып: «Бұл бүліктер – әлемдік үстемшілдіктің екі жылғы ұйымдастырушылық жұмыстары мен жаттығуларының салдары»,- деді.
Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Ходжәли Акбари бензиннің бағасын көтеру дұшпандар жоспарлаған бүліктерді іске асырудың сылтауы болғанын қуаттап: «Әлемдік үстемшілдік Иран басқарған қарсыласу ағымынан сан рет жеңілген соң, халықтың наразылықтарын пайдаланып, елді бейберекеттіктерге итермелеуде»,- деді. Ол АҚШ-тың дипломатиялық және саяси қолдаулары мен «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Ирандағы бүлікшілерді қолдауына тоқталып: «Жуырдағы бүліктерде бүлікшілер Ирандағы қарапайым халық пен қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Бірақ Иран халқы өткен күндері шеруге шығып, бүлікшілерден алыстап, дұшпанның қастандықтарын заласыздандырды»,- деді. Теһран жұма намазының имамы АҚШ басқарған әлемдік империализмнің құлдырап бара жатқанының күн сайын байқалып келе жатқанына тоқталып: «Ислам революциясы жетекшісінің даналығы, қырағылығы, парасаттылығы, табандылығы, жанкештілігі дұшпанға сұм қастандықтарын іске асыртпады»,- деді.