Иранның Денсаулық сақтау министрі Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының бас директорына хат жазды
(last modified Sat, 30 Nov 2019 08:42:43 GMT )
Қар 30, 2019 14:42 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық сақтау министрі Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының бас директорына хат жазды

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі Саид Намаки Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының (WHO) бас директоры Тедрос Адханомға жазған хатта Аммериканың Иран халқына қарсы азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық сатып алу бағытындағы әділетсіз санкциялары алдында немқұрайлық танытпауды сұрады.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Саид Намаки Тедрос Адһаномға жазған хатта былай деді: «Америка Иранға салған санкциялары дәрі-дәрмек, азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтарды қамтымайды деп уәж айтқанымен, іс жүзінде Иран халқының дәрі импорты мен саудасына тосқауыл жасау үшін қасақана күш салып жатыр.
Америка Иран халқына санкция салу арқылы экономикалық қылмыс жасауымен бірге іс жүзінде адамзатқа қарсы қылмысқа барып отыр. Дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардың импортына шынайы кедергі қалыптастыруымен ирандық науқастарды емдеу сапасы мен үдерісіне теріс әсер етті» - деді.

Намаки Американың Иран халқына санкция салудағы әрекетін Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының баршаның денсаулығын қамтамасыз етудегі әлемдік мақсаттарына қайшы деп атап: «Америка әрдайым халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның жарғыларын бұзады» - деді.

 

Тегтер