Иран Армиясының теңіз күштері жаңа жетістіктерінің тұсауын кесті
(last modified Sat, 30 Nov 2019 11:42:10 GMT )
Қар 30, 2019 17:42 Asia/Almaty

Иран Армиясы теңіз күштерінің сүңгуір қайықтан ұшатын Pelican2 атты ұшқышсыз ұшағы, Soren жобасы мен Jask 2 теңізасты жобасы бүгін сенбі күні осы күштердің қолбасшысы контр-адмирал Хасан Ханзадидің қатысуымен Теһранда таныстырылды.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша тік төрт моторы мен алдыңғы мықты моторды пайдаланатын Pelican 2 ұшқышсыз ұшағы сүңгуір қайықтан тік ұшып, қонатын әлеуетке ие. Төтенше жағдайда да оған еш нұқсан келмей су бетіне қонып, қайта іске жарайды.
Әлемдегі соңғы технологиямен жасалған Soren жобасы JPS болмаған кезде де теңіздің астындағы жағдайды оның балансты жағдайымен бірге еш қатесіз ұсынады.  

Jask 2 теңіз асты жобасы да зымыран, торпеда, байланыс және өртты бақылайтын, бір-бірімен әрекеттесіп, дұшпанның су астындағы нысандарына шабуыл жасай алатын кешеннен тұрады.