Зариф: Иран аймақтың бүкіл елімен келіссөз жүргізетін шынайы ерік-жігерге ие
Жел 03, 2019 15:18 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Теһранның аймақтың барлық елімен келіссөз жүргізуге қатысты ерік-жігерінің шынайылығына тоқталып, «Ормұз бейбітшілігі» жобасының осы мақсатта ұсынылғанын қуаттады.
IRNA ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавимен кездесуінде аймақтағы, әсіресе Йемендегі шиеленісті тоқтату қажеттігін қуаттап: «Иран аймақтағы шиеленісті тоқтататын барлық әрекетті қолдап, оған көмектеседі»,- деді. Юсеф бен Алави де кездесуде аймақ жағдайы келіссөздер мен келісімдерді қажет ететінін айтып: «Бұл салада мүдделі барлық елдің қатысуымен жан-жақты отырыс өткізу пайдалы болады»,- деді.
Тегтер