Лариджани: Аймақ мемлекеттері жақын қарым-қатынас орнатуы керек
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы қиындықтарды шешу үшін аймақ мемлекеттерінің өзара жақын қарым-қатынас орнату қажеттілігін қуаттап: «Иранның жобасы аймақта бейбітшілік орнату үшін бүкіл елдердің қатысуын қарастырады»,- деді.
Icana News агенттігінің мәліметі бойынша Әли Лариджани дүйсенбі күні Оман Сыртқы істер министрі Юсеф бен Алавимен кездесуінде Оманның аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатылудағы рөліне ризалығын білідіріп, Иран мен Оман қарым-қатынасының әрқашан жақсы әрі дамып келе жатқанын қуаттады. Лариджани АҚШ Президенті Дональд Трампты Иранның дұшпаны деп атап: «АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын мүлде тоқтату талпынысы нәтижеге жетпеді»,- деді.
Оман Сыртқы істер министрі де Иранды аймақтағы «бейбітшілік базасы» деп атап: «Иран әрқашан мемлекеттерді тыныштыққа шақырды. Ұсынған «Бейбіт Ормұз» жобасы Иранның аймақта тыныштық орнатуды көздейтінін білдіреді»,- деді. Юсеф бен Алави аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды мақсат етіп отырған Иранға қарсы санкцияларды әділетсіз деп атап: «АҚШ Иранға қарсы «мейлінше» санкция салу науқанына қарамастан мақсаттарына жеткен жоқ»,- деді.