Жел 06, 2019 18:21 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Еуропаға Иранның зымырандық бағдарламасы туралы уақытында ескерту жасады

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иранға қарсы тобы басшысы сөзінің бір бөлігіне тоқталып: "Брайан Хук №2231 қарар негізінде Иранның зымырандық сынақтарына тыйым салынбағанын мойындады",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Брайан Хук "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы еуропалықтарға уақытында ескерту жасап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында зымырандық сынақтарға тыйым салынбағанын тура мойындады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Брайан Хуктың бейсенбі күні айтқан сөзіне сілтеме жасап, "Ядролық келісімнің кемшіліктерінің бірі оның Иранның баллистикалық зымырандарын сынауға салынған тыйымды тоқтатуы болды" деп келтірді.

 

Тегтер