Иран үкіметі х.ш.ж.с.б. 1399 жылдың бюджет жобасын Мәжіліске ұсынды
ИИР Президенті х.ш.ж.с.б. 1399 жылдың бюджет жобасын Ислам Кеңесі Мәжілісіне ұсынды.
Хасан Рухани жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары алдында 1399 жылдың бюджет жобасын ұсыну барысында келер жыл бюджетінің табандылық таныту және санкциялармен күресу бюджеті болатынын айтып: "Дұшпандар исламдық Иранның экономикасын құлдырату жобасын орындауда сәтсіздікке ұшырады.
Дұшпандар санкцияларды күшейту арқылы Иран халқын жоба-жоспарларын орындауда сәтсіздікке ұшыратамыз деп ойлайды. Бірақ олардың өздері жеңіліс тауып, күдер үзді",-деді.
Рухани көрсеткіштер мен есептеулер негізінде биыл Иранның мұнайдан тыс экономикасы дамуының оң көрсеткішке ие болғанын айтып: "Келер жылдың бюджеті мұнайдан түсетін табысқа көп сүйенбейді",-деді.