Зариф: Иран тұтқындармен алмасуға дайын
Иран Сыртқы істер министрі Теһранның тұтқындармен алмасуға дайын екенін қуаттап: «Доп АҚШ жерінде»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф кеше дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында: «Осы аптада АҚШ-тағы ирандық тұтқынның үйіне оралуынан кейін Теһран тұтқындармен алмасуға толығымен дайын»,- деп жазды.
Теһранның "Тәрбиат-е Модаррес" педагогикалық университетінің ұстазы әрі діңгекті жасушалар саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі бір жылдан аса уақыт бойы АҚШ түрмесінде заңсыз қамауда болған Масуд Солеймани өткен сенбі күні Теһранға оралды. Сондай-ақ, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бекітуі, қауіпсіздік, сот органдарының әріптестігі және келісімімен Иранда тыңшылық айыбымен жазасын өтеп жатқан АҚШ азаматы Хью Ван ислам рақымшылығымен босатылып, АҚШ-қа қайтуы үшін швейцариялық дипломаттарға тапсырылды.