Иранның бояу индустриясына арналған халықаралық көрмеге 18 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр
(last modified Tue, 10 Dec 2019 09:07:32 GMT )
Жел 10, 2019 15:07 Asia/Almaty
  • Иранның бояу индустриясына арналған халықаралық көрмеге 18 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр

Кеше дүйсенбі күні Теһранда әлемнің 18 елі өкілдерінің қатысуымен «Бояулар мен шайырлар және өнеркәсіптік жабындар, композиттер және электроқорытпа өнеркәсібі» атты Иранның 19-шы халықаралық көрмесі ашылды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, «Бояулар мен шайырлар және өнеркәсіптік жабындар, композиттер және электроқорытпа өнеркәсібі» халықаралық көрмесінің бұл кезеңіне  ирандық 240 өндіруші мен  шетелдік 55 компания қатысып отыр. Ирандағы бояу өндірісіне шамамен 80 жыл болды. Елде жыл сайын 50 млн тонна бояу өндіріледі. Иран Ауғанстан, Пәкістан, Кувейт, Ирак, Түркіменстан, Тәжікстан мен Қазақстанға бояу, шайыр мен желімді жылына 180 миллион долларға экспорттайды.

Батыс Азия аймағының бояу нарығының экспорты жыл сайын 2 миллион тоннадан асады. Бұл нарықтағы Иранның үлесі шамамен 25 пайызды құрайды.