Мусави Германия Сыртқы істер министрінің сөзін араласу деп атады
(last modified Fri, 13 Dec 2019 13:10:41 GMT )
Жел 13, 2019 19:10 Asia/Almaty
  • Мусави Германия Сыртқы істер министрінің сөзін араласу деп атады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германия Сыртқы істер министрінің сөзіне реакция білдіріп: «Басқа елдің ісіне араласуды білдіретін сөздер кейбір еуропалық мемлекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына көмектесе алмайды және АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне де жауап болмайды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави ИИР үкіметінің өз азаматтарының әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын тыңдауға дайын екеніне тоқталып: «ИИР елдегі жуырдағы тынышсыздықтарда дұшпандар мен жазықсыз адамдарды өлтіргендер мен олардың шетелдік демеушілерін наразы пікірлерден бөліп, зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Иран халқының құқықтарын құрметтеу саласында тиісті шешім қабылдап,   тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді»,- деді.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас кеше бейсенбі күні Германия парламентінің өкілдерінің біріне берген жауабында: «Ирандағы наразылық білдіру ағымында жүздеген адам өлді. Сондықтан наразылықтардың басып-жаншылуын айыптау керек»,- деген уәж айтты.