Американың Иранға қарсы санкциялары адамзатқа қарсы қылмыстың айқын мысалы
Иран СІМ ақпарат хатшысы Мусави Американың Иранға қарсы санкцияларын адамзатқа қарсы қылмыс пен экономикалық лаңкестіктің айқын мысалы деп атады.
Сейед Аббас Мусави сенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Табриз қаласында өткен хабар брифингінде америкалықтардың «Иранға дәрі-дәрмек пен азық- түлікке санкция салынған жоқ» деген уәждерін теріске шығарып: «Егер Иранның бір компаниясы азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алғысы келсе, тасымалдау және банктік қиындықтармен бетпе-бет келеді. Американың Иранға қарсы санкциялары адам құқығы мен халықаралық барлық заңды бұзды» - деді. Ол сонымен қатар Иран президенті Хасан Руханидің жақын арада Жапонияға баратынын айтып: «Жапония ізгі ниетпен кикілжіңді азайту үшін ұсыныс жасады. Руханидің Жапония сапарында Теһран мен Токио жақсы нәтижеге жетеді деген үміт бар», - деді.