"Сурена-4" атты ирандық гуманоид роботтың тұсаукесер рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i44683
Теһран университетінде "Сурена-4" атты ирандық гуманоид роботтың тұсаукесер рәсімі өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 15, 2019 19:51 Asia/Almaty

Теһран университетінде "Сурена-4" атты ирандық гуманоид роботтың тұсаукесер рәсімі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні ИИР Президентінің ғылым мен технология жөніндегі орынбасары Сурена Саттаридің қатысуымен тұсауы кесілген "Сурена-4" атты ирандық гуманоид робот 0,7 км/сағ жылдамдықпен жүру қабілетіне ие және мәтінді дыбысқа айналдыра алады.

Бойы 170 см, салмағы 70 кг "Сурена" роботы тегіс емес жерлерде жүре алады және қиындық жағдайда өзінің тепе-теңдігін сақтай алады.

"Сурена" роботының келесі қабілеттері ретінде доп лақтыру, қол беріп амандасу, құрмет көрсету, заттарды көтеріп басқа жерге қоюды атауға болады.

"Сурена-4" робот жауап беруге, көруге, 100 түрлі затты айыра білуге және үлкен заттарды көтеріп, алып жүруге қабілетті.