Мусави: Иран қатігездік пен экстремизмнен ада әлемнің құрылуын қалайды
(last modified Mon, 16 Dec 2019 13:11:26 GMT )
Жел 16, 2019 19:11 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран қатігездік пен экстремизмнен ада әлемнің құрылуын қалайды

ИИР СІМ ның ақпарат хатшысы Иранның қатігездік пен экстремизмнен ада әлемнің құрылуын қалайтынын айтып, әлем халықтарының да Иран сияқты қатігездіктен ада әлем құруды көздейтініне үміт білдірді.

Сейед Аббас Мусави дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында 18 желтоқсан "Қатігездік пен экстремизмнен ада әлем" күніне тоқталып: «Саудиялықтар екіжүзді қатынастарын тоқтатып, Иранның осы ел мен аймақтың басқа елдеріне ұсынған достық қолын алуы керек»,‑деді.

Ол Иранның «Ормуз бейбітшілігі» жобасына тоқталып: «Саудиялықтар бөгде күштерді шақырып, қару‑жарақ жинау арқылы Батыс Азия аймағында бейбітшілік орнамайтынын білуі тиіс»,‑деді.

Мусави, сондай‑ақ, АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучиннің санкциялардың соғысты алмастыратыны туралы сөзіне тоқталып: «Мнучин АҚШ үкіметінің қате саясаттары мен сөздерін қайталады, өйткені санкция соғысты алмастырмауымен қатар экономикалық терроризм мен экономикалық соғыс саналады»,‑деді.